«Би әлеміне саяхат» тақырыбында би марафоны өтті » «№3 Оқушылар үйі
Алматы қаласы Білім басқармасының
"«№3 Оқушылар үйі"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 274-38-92
Есепші бөлімі:
+7(727) 274-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Би әлеміне саяхат» тақырыбында би марафоны өтті
21
июнь
2022

«Би әлеміне саяхат» тақырыбында би марафоны өтті

2022 жылдың 21 маусымында № 3 Оқушылар үйінде  жазғы кезеңнің жұмыс жоспарына сәйкес «Апельсин» би студиясының «Би әлеміне саяхат» тақырыбында би марафоны өтті

Байқау әр түрлі жанрдағы би өнеріне оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру,  шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнерді құрметтеу, биге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында өткізілді.

«Апельсин» би студиясының жетекшілері А.А. Гапчук пен концертмейстері Г.У. Тультаева би додасына қатысқан бишілерге өнердің қыр-сырын ұғындырып, дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейтіп, жарысу арқылы өнерге баули білді. 

Мұндай марафондарда музыканы мұқият тыңдау арқылы өз сезімдерін қозғалыста білдіру мүмкіндігі бишілердің қозғалыстарын бақылау және оларды үйлесімді ету қабілетіне үлкен әсер етеді.

Би додасында  викторина өткізіліп, би өнері жайлы қызықты жайттар айтылды.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив