17
октябрь
2025
" Самғау" даму және шығармашылық орталығында алғаш рет Робототехника турнир-көрмесі өтті.
Бұл шарада алғашқы табыстар мен жаңа бастамалардың мерекесі болды. Жаңа оқу жылы басталғалы көп уақыт өтпесе де, балалар өздерінің алғашқы жобаларын сеніммен таныстыра білді.
Турнир-көрме жеңілдетілген форматта ұйымдастырылды. Себебі сол күні жас инженерлердің технология әлеміне жасаған алғашқы қадамдары еді.
Соған қарамастан, олардың ынтасы мен ізденісі, жауапкершілігі мен көздеріндегі отты қызығушылығы айқын байқалды. Бүгінде робототехника үйірмесіне деген қызығушылық күннен-күнге артып келеді. Өйткені бұл болашақтың бағыты, негізі.
Қатысушы командалар мен жобалар:
1️⃣ “Mars” командасы (Лыков Глеб – №103 мектеп, Айтим Азим – №94 мектеп). Түстерді ажыратып, сұрыптай алатын сұрыптаушы робот ұсынды. Балалар әзілдеп: «Біздің робот M&M’s кәмпиттерін сұрыптай алады!» – деп күлдірді. 🍬🍬🍬🍫
2️⃣ “Blue Team” (Кумисбаев Адемир – №68, Мейрамбек Ануар – №139, Жақсыбаев Султан – №116 мектептер)
Жүк тасымалдаушы робот жасап шығарды. Команда мүшелерінің қиялы ерекше, робот – еңбекқор көмекшіге айналды.
3️⃣ “Red Team”. Еден жуғыш робот жобасын таныстырды. Балалардың айтуынша, бұл идеяны аналары ұсынған – үй шаруасын жеңілдету үшін. Көрермендер жылы қабылдап, ду қол шапалақтады.🥳🥳🥳
4️⃣ “Wallebot” командасы
(Пустовалова Дарья – №73, Шардарбек Асылы – №134, Милованов Алексей – №63 мектептер). Әмбебап шаңсорғыш роботын көрсетті. Алғаш рет қатысқанымен, балалар өз жобасын үлкен қызығушылықпен қорғады.
5️⃣ “Бордовый” командасы
(Толепберген Абдрахман – №93, Даниярұлы Ахмедияр – №13, Айдарұлы Санжар – №93 мектептер)
Жүк тасушы робот жасап шықты. Бұл жоба – командалық еңбектің және инженерлік тапқырлықтың жарқын үлгісі.
6️⃣ “Lion King” командасы (Оразанбай Абдулмансур – №140, Хлабистин Матвей – Foxford онлайн мектебі, Михалев Александр – №10 мектеп). Көру қабілеті төмен адамдарға арналған робот ұсынды. Бұл идея көпшіліктің көңілін толқытты, себебі технология адамдардың өмірін жеңілдетуге қызмет етуі тиіс.