Бүгін – Ұлттық домбыра күні
Мерекеге орай Алматы қаласы №3, №5 Оқушылар үйінде, №140, №22 мектеп-гимназияларында білім алатын 40-тан астам оқушы «Мега» ойын-сауық орталығында М.Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназияның музыка пәні мұғалімі, домбыра үйірмесінің жетекшісі Мерген Мұкашевтің дирижерлік нұсқауымен бір мезетте «Адай», «Ерке сылқым», «Балбырауын» күйлерін күмбірлете орындады.
Жас домбырашылардан құралған «Домбыра үні» ансамблінің флешмоб өткізуіне №3 Оқушылар үйінің домбыра үйірмесінің жетекшілері Заура Аскербекқызы, Алмаш Ордабекқызы, №22 мектеп-гимназияның үйірме жетекшісі Ырысты Жұмағалиқызы, №5 Оқушылар үйінің үйірмесі жетекшісі Света Молдашқызы жетекшілік етті.
Ұлттық аспабымызды насихаттайтын іс-шара Бостандық ауданы әкімдігінің қолдауымен өтті. Домбырашылар флешмобын жүздеген адам тамашалады.https://www.facebook.com/100005750075967/videos/2302450596585067/?t=45
Айта кетерлігі, Ұлттық домбыра күні 2018 жылдан бері шілденің алғашқы жексенбісінде қазақтың төл аспабының күні ретіне тойланып келеді.