Би өнерінің тарихына арналған мастер-класс
Бүгін Балалар жылы аясында № 3 Оқушылар үйінде Роман Пахомовтың жетекшілігімен латынамерикалық және еуропалық би өнерінің тарихынан мастер-класс ұйымдастырылды. Шеберлік сағатта жетекші би үйренушілердің тыңдау, ырғақты түсінуі, ноталарды тану, өлшеп санап үйрену сауатын аша отырып, латынамерикалық және еуропалық бидің тарихына тоқталды.
Клуб жетекшісі сабақта теледидар қолдану арқылы бірнеше бейнероликтерден балаларға «Балдық бидің» халықтық би арқылы дүниеге келгендігін, Европаны балдық бидің «отаны» деп атайтындығын, бидің бірнеше түрге бөлінетіндігін түсіндірді. Би тарихын тереңнен қозғаған танымдық сабаққа ата-аналар да қатысып, балаларымен бірге ойын ойнап, билеп те алды. Кері байланыс кезінде мастер — класс қатысушылары бал билерінің сұлулық әлеміне еніп, әртүрлі стильдер мен бағыттарды көрді, сонымен қатар кейбір билердің негізгі қозғалыстарымен танысып, игерді.
Мастер-класс қызықты, танымды және нәтижелі өтті, балалар би өнерінен жаңа білім алды.