"АЛТЫН САҚА" ОЛИМПИАДАСЫ: ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ЖАҢҒЫРТАЙЫҚ » «№3 Оқушылар үйі
Алматы қаласы Білім басқармасының
"«№3 Оқушылар үйі"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 274-38-92
Есепші бөлімі:
+7(727) 274-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "АЛТЫН САҚА" ОЛИМПИАДАСЫ: ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ЖАҢҒЫРТАЙЫҚ
24
ноябрь
2023

"АЛТЫН САҚА" ОЛИМПИАДАСЫ: ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ЖАҢҒЫРТАЙЫҚ

Алматы қаласы Бостандық аудандының білім бөлімі мен №3 Оқушылар үйінің бастауымен аудан мектептерінде “Алтын сақа” олимпиадасы өтіп жатыр. “Алтын сақа” олимпиадасының негізі мақсаты: ұлттық ойындарды дәріптеп, қатысушыларды қырағылыққа, табандылыққа баулу. Олимпиада барысында қыздар “Бес асық”, ұлдар “Бес табан” ойынын ойнады. Бұл ойындар - табиғатпен тел өскен дала халқының сан ғасырлық мұрасы. Өскелең ұрпақтың ұлттық ойындарға деген қызығушылығын ояту - түп тамырымызға оралуға деген қадамдардың бірі. Ақпараттық шекаралар жойылып, өркениеттер қақтығысына ұшыраған ғасырда ұлтты сақтап қалу үшін жасалған кішкентай қадамдар да ұлы мақсатқа жұмыс істейді деп білеміз. 
Олимпиаданың іріктеу кезеңдері №23, №140, №63, №40 мектептерде өтіп, мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік шыққан қатысушылар финалға жолдау алды. Сайыстың соңғы кезеңі 30-қараша күні өтеді. Финалға жолдама алған оқушыларға сәттілік тілейміз! 




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив