ТӘУЕЛСІЗДІК-АЗАТТЫҒЫМ, БАҚ КҮНІМ! » «№3 Оқушылар үйі
Алматы қаласы Білім басқармасының
"«№3 Оқушылар үйі"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 274-38-92
Есепші бөлімі:
+7(727) 274-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ТӘУЕЛСІЗДІК-АЗАТТЫҒЫМ, БАҚ КҮНІМ!
09
декабрь
2023

ТӘУЕЛСІЗДІК-АЗАТТЫҒЫМ, БАҚ КҮНІМ!

Бабаларымыз сан мың жыл бойы аңсап, басын бәйгеге тігіп жүріп алған Тәуелсіздігімізге биыл 33 жыл толып отыр. Тәуелсіздік - ата-бабамыздан қалған мұра ғана емес, ұрпақтан-ұрпаққа берілген аманат. Алты алаштың көшбасшысы болған Әлихан Бөкейханов Міржақып Дулатұлы мен Ахмет Байтұрсыновқа түрмеден жолдаған хатында «Алда әлі күнді көретін ұрпақ келеді. Сол ұрпақ сендерді үлкен құрметпен еске алатын болады. Күрес жолына түскендеріңе өкінбеңдер» деп жазған екен. Біз - сол күнді көрген ұрпақпыз. Ал егемендік дегенде құрсауы қатты темір қоғамды теңселткен «желтоқсан оқиғасын» еске алмай өту мүмкін емес. 

Азаттықтық ақ таңын сүйіншілей туған бүгінгі ұрпаққа тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғындырып, аманат ету - әр қазақстандықтың азаматтық парызы. Осы мақсатта №3 Оқушылар үйінің ұйымдастыруымен №29 Балалар кітапханасы мен №93 Жалпы білім беретін мектеп базасында «Тәуелсіздік-азаттығым, бақ күнім» атты желтоқсаншылармен кездесу кеші өтті.

Кездесу кешіне “Тәуелсіздік қыраны” медалінің 2 мәрте иегері Гүлмира Жамбылқызы, желтоқсан ардагері Сапура Паритовна, “Тәуелсіздік” медалінің иегері Айтжамал Дөбейова, президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтің медалімен марапатталған желтоқсан ардагері Қалибек Нұрғазиев қатысты. Сонымен қатар, №3 Оқушылар үйінің “Дала сазы” ансамблі мен ансамбль жетекшісі Алмаш Ордабекқызы, “Ақсұңқар” дәстүрлі ән үйірмесінің жетекшісі Дауылбаев Аманжол Қуанышұлы, 145 мектеп оқушылары белсене ат салысты. 

Кеш барысында желтоқсаншылар тәуелсіздіктің маңызы жайлы сөз қозғап, өз оқиғаларымен бөлісті. Жастардың кеудесінде париоттық сезім оятуда өткен тарихымызды өз көзімен көрген куәгерлермен кездесудің ықпалы зор. Бұндай кездесулердің арқасында оқушылар өз елінің тарихын кітап бетінен шолып қана шықпай, өн бойынан өткізгендей күй кешетіне сенімдіміз. 

Алаш туы астында күн сөнгенше сөнбейік! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай, күнді көрген ұрпақ!

Похожие публикации:

31 октябрь 2019 Жетістіктер
22 октябрь 2019 ЖАС ҰЛАН
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
AnthonyDroro
Сегодня, 05:53
как найти высоту истока реки http://algoblogus.ru издавна почему на конце а http://www.openkrokzo.ru прожить не зря как пишется http://toktiblog.ru для чего нужна клеточная мембрана http://www.algoblogus.ru что такое правовые нормы в обществознании