26
декабрь
2023
МЕНІҢ БОЛАШАҚ МАМАНДЫҒЫМ
«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деп Абай атамыз айтпақшы, әр адам қоғамнан өз орнын іздейді. Содан болар мектеп қабырғасынан түлеп ұшар сәті жақындаған оқушының алдында «кім болам?», «қайдай мамандық игерем?», «қай оқу орнына түсем?» деген сұрақтар тұрады. «Мамандық-тек тамақ асырау, күнелту жолы емес» дейді алты алаштың арысы атанған Жүсіпбек Аймауытов. Мамандық - өз ісіңді жақсы көре отырып, қоғамға қызмет ету, сара жолыңды қалыптастыру құралы.
Осы мақсатта №3 Оқушылар үйі мен №40 жалпы білім беретін мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру үшін Алматы қаласындағы кәсіптік-техникалық білім беретін колледж өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Бұған дейін оқушылардың болашақта қай салада қызмет еткісі келетінін анықтау үшін анкета жүргізілген болатын. Соған сай іс-шараға Алматы сән және дизайн колледжі, №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық- педагогикалық колледжі, Жоғары медицина колледжі ШЖҚ КМК, «Әділет» колледжінің арнайы өкілдері шақырылды.
Колледж өкілдері өз білім ордасын таныстырып, оқытылатын мамандықтар жайлы сөз қозғады. Іс-шара соңында оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, қызығушылық танытқан балалармен жүйелі түрде жұмыс жасау үшін өзара байланыс нөмірлерімен де алмасты. Ұйымдастырылған шара өз нәтижесін береді деп сенеміз!