Тоғызқұмалақтан жарыс ұйымдастырылды » «№3 Оқушылар үйі
Алматы қаласы Білім басқармасының
"«№3 Оқушылар үйі"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 274-38-92
Есепші бөлімі:
+7(727) 274-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тоғызқұмалақтан жарыс ұйымдастырылды
14
июль
2022

Тоғызқұмалақтан жарыс ұйымдастырылды

Бүгін № 3 Оқушылар үйінде балалар арасында «Тоғызқұмалақтан» жарыс өтті. Ұшқыр ойлылар додасына 9-12 жас аралығындағы балалар қатысты. Ойын барысында үйірме жетекшісі Шужеев Бақытжан Сыздықұлы балаларға ойын ережесін сақтау керектігін түсіндірді. Өз алғырлығымен көзге түскен ойыншылардан үміт күтетінін атап айтты. Ойын қорытындысы бойынша жеңіске жеткен жеткіншектерді құттықтады. 

Жарыс тоғызқұмалақ ойынын барынша дамыту, ұлттық ойынды дәріптеу, балалардың тоғызқұмалаққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Тоғызқұмалақ төрт мың жылдық тарихы бар зияткерлік ойын, озық рухани мұра. «Тоғыз­құмалақ» ойыншының жылдам ойлауына, есептеудің түрлі тәсілдерін меңгеруіне ықпал етеді. Ол шығармашылық пен логиканы дамытады. 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив