«Сөз маржан» шешендік өнер мектебі өз жұмысын бастады.
Бүгін №3 Оқушылар үйіндегі «Сөз маржан» шешендік өнер мектебінің жетекшісі Жотабаева Роза Қасымқызы балаларды ана тілінде анық, таза, сөйлеуге баулитын өз сабағын бастады. Жетекші балалардың тілін ширату үшін, сөз үйретіп, сөздік қорын молайтып, дүниетанымын дамыту мақсатында оларға бірнеше жаңылтпаштарды қайталатып үйретті.
Роза Қасымқызы балаларға дыбыстардың дұрыс айтылу қажеттігіне мән беру керектігін ескертті. Сондай-ақ оларға жиі-жиі дыбыстап айту, жаңылмай жаттығу арқылы сөйлегенде де мүдірмей, өз ойларын толық жеткізетіндерін түсіндірді.
Бүгінгі сабақта «Сөз маржан» шешендік өнер мектебінің балалары шебер сөйлеуге жаттығып, би-шешендердің сөздерін жаттап, жаңа ұғымдармен танысты. Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау, сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ой-қиялы дамиды, сөздік қоры молаяды.