04
июнь
2025
РӘМІЗДЕР - МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ!
“Самғау” орталығында Рәміздер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
4 маусым – Қазақстан Республикасының Государственные символыі күніне орай “Самғау” даму және шығармашылық орталығында “Мемлекеттік Рәміздер – менің мақтанышым!” атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар еліміздің Әнұранын асқақ рухпен орындап, патриоттық флешмоб қойды. Сонымен қатар, “Таң-Шолпан” изо-студиясының оқушылары арасында асфальтқа сурет салу байқауы өтті. Жас суретшілер Қазақстанның Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын шығармашылық тұрғыда бейнелеп, өздерінің Отанға деген сүйіспеншілігін ерекше түрде көрсетті.
Іс-шараның ең әсерлі сәттерінің бірі — оқушылардың алып көлемдегі ҚР Мемлекеттік Туын салтанатты түрде алып шығуы болды. Көк аспан түстес Ту көкке көтерілген сәт жас ұрпақтың жүрегіне елге деген мақтаныш пен патриоттық рухты терең ұялатты.
Государственные символы — бұл тек ресми белгілер ғана емес, бұл — еліміздің тәуелсіздігі мен тұтастығының, ұлттық болмысы мен рухының символы.
Осындай мазмұнды шаралар өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезім мен елжандылықты тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.
🎉 Рәміздер күні құтты болсын!
Еліміздің көк байрағы әрдайым бейбіт аспан астында желбірей берсін!