РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! » «№3 Оқушылар үйі
Коммунальное государственное учреждение
"«№3 Оқушылар үйі"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорны
Приемная
+7(727) 274-38-92
Бухгалтерия
+7(727) 274-10-30
Версия для
слабовидящих
» » РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
25
октябрь
2023

РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Қазақстан халқы 25 қазан – Республика күні мерекесін қайта атап өте бастады. Былтыр мерекелер тізіміне енген бұл күн – еліміздегі жалғыз ұлттық мейрам. Он жылдан астам уақыт тойланбаған Республика күні былтыр қайта жаңғырып, "ұлттық мереке" санатына жатқызылған. 

Еске сала кетейік, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Республика күні жыл сайын 25 қазанда аталып өте бастады. Ал 1995 жылы 18 қазанда бұл мейрам алғаш рет "ұлттық мереке" болып жарияланды. Алайда 2001 жылы бұл мәртебеден айырылып, "мемлекеттік мереке" санатына өткен болатын. Ал 2009 жылы сәуірде мерекелер қатарынан мүлде алынып тасталған еді. 

Бүгінгі таңда қайта оралған мерекенің Қазақстан халқының патриоттық сезімін нығайтудағы маңызы зор. Осыған орай Коммунальное Управления образования №3 Оқушылар үйінің ұжымы Бостандық ауданы әкімдігі Республика күніне ұйымдастырған концерттік іс-шараға қатысты. Мереке құтты болсын! 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив