МЕНІҢ БОЛАШАҚ МАМАНДЫҒЫМ » «№3 Оқушылар үйі
Коммунальное государственное учреждение
"«№3 Оқушылар үйі"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорны
Приемная
+7(727) 274-38-92
Бухгалтерия
+7(727) 274-10-30
Версия для
слабовидящих
» » МЕНІҢ БОЛАШАҚ МАМАНДЫҒЫМ
26
декабрь
2023

МЕНІҢ БОЛАШАҚ МАМАНДЫҒЫМ

«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деп Абай атамыз айтпақшы, әр адам қоғамнан өз орнын іздейді. Содан болар мектеп қабырғасынан түлеп ұшар сәті жақындаған оқушының алдында «кім болам?», «қайдай мамандық игерем?», «қай оқу орнына түсем?» деген сұрақтар тұрады. «Мамандық-тек тамақ асырау, күнелту жолы емес» дейді алты алаштың арысы атанған Жүсіпбек Аймауытов.  Мамандық - өз ісіңді жақсы көре отырып, қоғамға қызмет ету, сара жолыңды қалыптастыру құралы. 

Осы мақсатта №3 Оқушылар үйі мен №40 жалпы білім беретін мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру үшін Коммунальноендағы кәсіптік-техникалық білім беретін колледж өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Бұған дейін оқушылардың болашақта қай салада қызмет еткісі келетінін анықтау үшін анкета жүргізілген болатын. Соған сай іс-шараға Алматы сән және дизайн колледжі, №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық- педагогикалық колледжі, Жоғары медицина колледжі ШЖҚ КМК, «Әділет» колледжінің арнайы өкілдері шақырылды. 

Колледж өкілдері өз білім ордасын таныстырып, оқытылатын мамандықтар жайлы сөз қозғады. Іс-шара соңында оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, қызығушылық танытқан балалармен жүйелі түрде жұмыс жасау үшін өзара байланыс нөмірлерімен де алмасты.  Ұйымдастырылған шара өз нәтижесін береді деп сенеміз!

Похожие публикации:

31 октябрь 2019 Жетістіктер
22 октябрь 2019 ЖАС ҰЛАН
17 октябрь 2019 Добро пожаловать
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
AnthonyDroro
26 июля 2024 21:14
с чем связана познавательная функция https://snotolkovatelnyi.ru что такое реформа в истории кратко http://sigmablog.ru что такое околоцветник простой и двойной http://www.toktiblog.ru где находится север юг запад https://www.fokusblog.ru сколько звуков в слове учитель