06
июнь
2024
ЖАНҒА ЖАЙЛЫ ЖАЗ: ДЕМАЛЫСТЫ ТИІМДІ ӨТКІЗЕЙІК!
Оқу жылы аяқталған соң балалар жазғы демалысты асыға күтеді. Алайда оқушылар 3 ай уақытты ғаламтордың торына түспей, қызықты әрі пайдалы өткізуі де маңызды. Осы орайда Коммунальное Бостандық ауданындағы №3 Оқушылар үйі балалардың жазғы демалысын сапалы өткізу үшін қарқынды түрде жұмыс жасауда.
Оқу бағдарламасымен қатар, мектепішілік жазғы лагер ұйымдастыруда №3 Оқушылар үйінің 6 үйірмесі өнімді еңбек етіп жатыр. Оның қатарында «Күн әлемі» би ансамблі, «Ақ сұңқар» домбыра үйірмесі, «Таң-Шолпан» ИЗО-студиясы, «Шебер қолдар» сәндік-қолданбалы өнер үйірмесі, «Оригами» үйірмесі мен кубик құрастыру да бар. Сонымен қатар, бүгін 300 оқушы қамтылған мектепішілік жазғы лагерь аясында №3 Оқушылар үйі үйірмелері мерекелік іс-шараға белсене қатысты.
Ал оқыту бағдарламасы бойынша «Қазақ тілі» үйірмесі, «Русские узоры» ансамблі, «Апельсин» би студиясы, «Успех» дамыту мектебі жұмыс жасайды. Алдағы уақытта жазғы демалысты тиімді өткізу мақсатында оқушылар арасында флешмобтар, сурет көрмесі мен шеберлік сабақтары, ойын-сауық шараларын өткізу жоспарланған.
Оқушылар үйінде балалар қызықты уақыт өткізіп қана қоймай жаңа достар тауып қайтады. Бұл күндер бала санасында балалық шақтың бал күндерін еске алғанда ыстық естелік болып қалары сөзсіз.