14
июль
2022
Тоғызқұмалақтан жарыс ұйымдастырылды
Бүгін № 3 Оқушылар үйінде балалар арасында «Тоғызқұмалақтан» жарыс өтті. Ұшқыр ойлылар додасына 9-12 жас аралығындағы балалар қатысты. Ойын барысында үйірме жетекшісі Шужеев Бақытжан Сыздықұлы балаларға ойын ережесін сақтау керектігін түсіндірді. Өз алғырлығымен көзге түскен ойыншылардан үміт күтетінін атап айтты. Ойын қорытындысы бойынша жеңіске жеткен жеткіншектерді құттықтады.
Жарыс тоғызқұмалақ ойынын барынша дамыту, ұлттық ойынды дәріптеу, балалардың тоғызқұмалаққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Тоғызқұмалақ төрт мың жылдық тарихы бар зияткерлік ойын, озық рухани мұра. «Тоғызқұмалақ» ойыншының жылдам ойлауына, есептеудің түрлі тәсілдерін меңгеруіне ықпал етеді. Ол шығармашылық пен логиканы дамытады.