Оригами – қағаз бүктеу өнері
Ағымдағы жылдың 20 маусымында №3 Оқушылар үйінде жазғы лагерьге келген балалар жетекшілері Г.И. Меликованың «Оригами-ертегісін» тыңдап, қағаз бүктеу өнеріне деген қызығушылық танытты. Оригами – қағаз бүктеу өнері. Сиқырға ұқсайды, неге десеңіз, бірнеше минут ішінде қарапайым қағаздан керемет фигура пайда болады.


Нәтижесінде үйірме қатысушылары кейбір әрекеттермен байланысты болатын ертегіні оңай есте сақтап алды. Қағаз бүктеу арқылы өткізілетін ойындар моториканы, ақыл-ойды дамытуға және сонымен бірге уақытты тиімді өткізуге мүмкіндік береді.


Оригами ертегісі – логикалық есте сақтау қабілетін, зейінділікті, тапқырлықты, табандылықты, қиялды жақсартуға мүмкіндік беретін қызықты ойын. Балалар қағазды бүктеу арқылы әртүрлі аңдарды, құстарды, гүлдерді ынтамен жасады.