Жаздың бояуы – балалық шақтың бояуы » «№3 Оқушылар үйі
Алматы қаласы Білім басқармасының
"«№3 Оқушылар үйі"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 274-38-92
Есепші бөлімі:
+7(727) 274-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жаздың бояуы – балалық шақтың бояуы
28
июнь
2022

Жаздың бояуы – балалық шақтың бояуы

Жайдары жаздың көрінісі керемет. №3 оқушылар үйінде баланың қиялындағы жаз мезгілін бейнелеу ұсынылды. «Балдырған» бейнелеу өнері студиясына келген жас суретшілер жетекшісі Куленов Жанбота Серікұлының үйретуімен жаз мезгілінің қанық бояуын салды. 

Олар өз суреттерінде табиғаттың сұлулығын, жазғы демалыс туралы әсерлерін бейнеледі. 

Қыздар суретінде жазда өсетін гүлдердің сұлулығы мен нәзіктігін көрсетсе, ұл балалар жылқы мен құлынның суретін салып берді. 

Жас суретшілер өз суреттері арқылы әлемді, қоршаған ортаны қалай сезінетіндерін көрсеткен.

«Балдырған» бейнелеу өнері студиясында балалар өте шынайы, талапты және дарынды. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, бейнелеу өнеріне қызығушылықтарын арттыруға, қиялын дамытуға арналған үйірмелер   болашақ қылқалам шеберлерін дайындап шығатыны сөзсіз. 


Похожие публикации:

31 октябрь 2019 Жетістіктер
22 октябрь 2019 ЖАС ҰЛАН
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив