№3 Оқушылар үйінің жазғы кезеңдегі жұмысы » «№3 Оқушылар үйі
Алматы қаласы Білім басқармасының
"«№3 Оқушылар үйі"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 274-38-92
Есепші бөлімі:
+7(727) 274-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №3 Оқушылар үйінің жазғы кезеңдегі жұмысы
26
июль
2022

№3 Оқушылар үйінің жазғы кезеңдегі жұмысы

№3 Оқушылар үйінде дәстүрлі түрде балалардың жаз айларын тиімді әрі қызықты өткізуіне арналған үйірмелер жұмыс істеуде. Үйірмелердің жұмыс кестесі әрбір қатысушы алты үйірменің әрқайсысының жұмысына қатысу мүмкіндігіне ие болатындай етіп құрылған. Аталған үйірмелерде балалардың ән, биге деген таланттарын шыңдауға да көп көңіл бөлінген. Шебер ұстаздар ұжымы күн сайын икемі бар оқушылармен жүйелі түрде жұмыс жасауда. 

Тамыз айына балалардың қызығушылығын арттыруға арналған  «Сөз маржан»  шешендік өнер мектебі, жетекшісі: Р.Қ. Жотабаева,  «Таң-Шолпан» бейнелеу өнері студиясы,  жетекшісі: А.М. Сәрсебаева, «Күн әлемі» халық би ансамблі, жетекшісі: М.А. Алимбетова,  Спорттық балдық би клубы, жетекшісі: Р.Е. Пахомов, Балдырған»  бейнелеу өнері студиясы, жетекшісі: Ж.С. Куленов, «Ағылшын тілі үйірмесі» әлем тану мектебі: Тіл – достықтың тірегі» Г.Ж. Абдикеримованың жетекшілігімен жоспарлануда. Басым бағыт балалардың шығармашылық ойлауын дамытуға бағытталған. 

Төменде №3 Оқушылар үйіндегі үйірмелердің тамыз айына арналған сабақ кестесі берілген.

Үйірмеге қабылдау тәртібі bilimalmaty.kz порталымен анкета/сауалнама  толтыру және №3 Оқушылар үйіне келу арқылы жүзеге асырылады. 



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив