Үйірмелер » Страница 2 » «№3 Оқушылар үйі
Алматы қаласы Білім басқармасының
"«№3 Оқушылар үйі"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 274-38-92
Есепші бөлімі:
+7(727) 274-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
"КҮЙ КҮМБІРІ" БАЙҚАУЫНДА "ДАЛА САЗЫ" АНСАМБЛІ БАС ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНДІ!
04
декабрь
2023
"КҮЙ КҮМБІРІ" БАЙҚАУЫНДА "ДАЛА САЗЫ" АНСАМБЛІ БАС ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНДІ!
Желтоқсан айының 3-і күні "Жас дарын" орталығының ұйымдастыруымен  Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған "Күй күмбірі" атты республикалық байқау өтті.  Байқауда №3 Оқушылар үйінің "Дала сазы" домбырашылар ансамблі   "Сарыарқа" күйін орындап, бас жүлде иеленді. Сонымен қатар, ансамбль мүшелері Мұсабеков Ерғалым мен Есенжол Даулет "Алаш аманаты" күйін тартып, бас жүлдені қанжығаласа, Сабыржанқызы Амира 2-орын, Бақтыбай Диас 1-орын алды. Ансамбль жетекшісі: Жарылқапова Алмаш
АУДАНДЫҚ ТӘЛІМГЕРЛЕР ШТАБЫ 40 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫН АТАП ӨТТІ!
18
ноябрь
2023
АУДАНДЫҚ ТӘЛІМГЕРЛЕР ШТАБЫ 40 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫН АТАП ӨТТІ!
 Алматы қаласы Білім басқармасы №3 Оқушылар үйінің «Комиссарлар» аудандық тәлімгерлер штабы 40 жылдық мерейтойын атап өтті! 40 жыл бойы штабқа ҚР оқу-ағарту саласының үздігі, «Құрмет» орденінің иегері Исакова Светлана Евгеньевна жетекшілік етті. Светлана Евгеньевнаның еңбек жолы оқушыларға өз армандарына адал болудың, табандылық пен еңбекқорлықтың үлгісі бола білді.   «Комиссарлар» штабы алғаш өз жұмысын Калинин ауданы пионерлерлерін тәрбиелеумен бастаған болатын.  Штаб белсенді-комсомолшыларды
ЖАС ШАХМАТШЫЛАР 4-РАЗРЯД ИЕЛЕНДІ!
13
ноябрь
2023
ЖАС ШАХМАТШЫЛАР 4-РАЗРЯД ИЕЛЕНДІ!
Алматы қаласы Білім басқармасы №3 Оқушылар үйінің "Жас шахматшылар" клубы ФИДЕ ережесімен өткен "Ақ кеме" сайысына қатысып, өз біліктілігін шыңдай түсті. Сайыс нәтижесінде "Жас шахматшылар" клубының мүшелері - Исаев Даниял мен Нұрғали Дамир шахмат ойыны бойынша бойынша 4-біліктілікті иеленді. Жас шахматшыларды құттықтай отырып, биік шыңдарды бағындыра беруін тілейміз! 
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "GOLDEN FLEECE" БАЙҚАУЫ ГРАН-ПРИ
08
ноябрь
2023
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "GOLDEN FLEECE" БАЙҚАУЫ ГРАН-ПРИ
Алматы қаласы Білім басқармасы №3 Оқушылар үйінің “Күн әлемі" би ансамблі Грузия мемлекетіндегі Батуми қаласында жыл сайын өтетін  халықаралық «GOLDEN FLEECE» фестиваль-байқауына қатысып, Гран-При иеленді.  Жеңімпаздарды құттықтай отырып, биік белестерді бағындыра берулерін тілейміз! 
25 ҚАЗАН-РЕСПУБЛИКА КҮНІ!
25
октябрь
2023
25 ҚАЗАН-РЕСПУБЛИКА КҮНІ!
Биыл 25 қазанда Республика күні мерекесі елімізде екінші рет аталып өтті. Былтыр 29 қыркүйекте ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және мерекелер мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойған болатын. Аталған заңнамаға сәйкес 25 қазан-Республика күні болып жарияланған еді. Соған орай, Алматы қаласы Білім басқармасы №3 Оқушылар үйінің "Балдырған" сурет үйірмесінде балалар Қазақстан Республикасына арнап сурет салды.
БІЗ ЖАҢА ЖҰЛДЫЗДАР ЖАҒАМЫЗ!
11
октябрь
2023
БІЗ ЖАҢА ЖҰЛДЫЗДАР ЖАҒАМЫЗ!
Алматы қаласы Білім басқармасы № 3 Оқушылар үйінде жыл сайын "Біз жаңа жұлдыздар жағамыз!"- деп аталатын  жаңадан келген үйірмешілер мен олардың ата-аналарына арналған дәстүрлі мереке өткізілді. Мереке бағдарламасында - Оқушылар үйінің барлық үйірмелерімен барлық оқытушылармен таныстыру, шығармашылық ұжымдардың концерттік бағдарламасы, директордың жылы лебіз тілектері. Ең әсерлі сәті - үйірмешілерге арнау болды. Үйірмеге әрбір жаңадан келген бала өзінің жұлдызын "жағады", оның дарындылығының
студия танца "Апельсин"
17
февраль
2021
студия танца "Апельсин"
Алматы қаласы Білім басқармасы № 3 Оқушылар үйінің "Апельсин" би студиясы "Ақ шағала" қалалық хореографиялық байқауына дайындық үстінде. "На винограднике" молдав халықтық биіне қойылым жасап жатыр. Жетекшісі Гапчук Алена Александровна Участники студии танца "Апельсин" Дома школьников № 3  Управления образования города Алматы готовятся к участию в городском хореографическом конкурсе "Ақ шағала". Идет постановка молдавского народного танца "На винограднике". руководитель студии - Алена
"Домбыра үні" ансамблі
11
февраль
2021
"Домбыра үні" ансамблі
Алматы қаласы Білім басқармасы 3 Оқушылар үйі "Домбыра үні" ансамблінің жетекшісі Аскербекова Заура Аскербековна өз жұмысында түрлі оқыту әдістерін  қолданады: ансамбль, жеке сабақ, сонымен қатар "теңбе-тең" әдісі, яғни музыкалық құралдарды өте жақсы меңгерген балалар қасындағы жолдастарына көмектеседі.
"Таң-Шолпан" шығармашылық  студиясы
08
февраль
2021
"Таң-Шолпан" шығармашылық студиясы
"Таң-Шолпан" шығармашылық студиясы суреттерден "Вернисаж" дайындады В Доме школьников 3 Управления образования города Алматы студия творчества "Таң-Шолпан" подготовила "Вернисаж"  рисунков. Педагог: Сарсебаева Айжан Маратовна
Назад 1 2 Вперед