МЕРЕЙЛІ МЕРЕЙТОЙЛАР: ТАУ ТҰЛҒАЛЫ ТӘЖІБАЕВ » «№3 Оқушылар үйі
Алматы қаласы Білім басқармасының
"«№3 Оқушылар үйі"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 274-38-92
Есепші бөлімі:
+7(727) 274-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МЕРЕЙЛІ МЕРЕЙТОЙЛАР: ТАУ ТҰЛҒАЛЫ ТӘЖІБАЕВ
12
февраль
2024

МЕРЕЙЛІ МЕРЕЙТОЙЛАР: ТАУ ТҰЛҒАЛЫ ТӘЖІБАЕВ

Алматы қаласы Білім басқармасы №3 Оқушылар үйінің ұйымдастырумен басталған «Мерейлі мерейтойлар» жобасы аясында Әбділда Тәжібаевтің 115 жылдық мерейтойына орай №3 Оқушылар үйі мен №29 Балалар кітапханасы "Тау тұлғалы Тәжібаев" атты әдеби іс-шара өткізді. №3 Оқушылар үйінің "Дала сазы" домбыра үйірмесі іс-шараны күмбірлеген күймен бастаса, №40 Жалпы білім беретін мектептің 6 сынып оқушылары ақынның жалынды жырларын жатқа оқып, іс-шараға белсене қатысты. 

Кеудесі шын акынның күй сарайы, 
Алады төгіп-төгіп келсе орайы – деп өзі жырлағандай ақын кеудесіндегі күй сарайынан төгілген жырлар арқылы талай құлақтың құрышын қандырғаны рас. Іс-шара барысында оқушылар Әбділда ақынның сырлы, мәнді де мағыналы жырларына қанық болып, шығармашылығына терең бойлай түсті. 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив