АУДАНДЫҚ "АЛТЫН САҚА" ОЛИМПИАДАСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ!
«Төрт тоқсан-Төрт өнер» Ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында 16-30 қараша аралығында Бостандық ауданы Білім бөлімі және №3 Оқушылар үйінің ұйымдастыруымен аудандық «Алтын сақа» олимпиадасы өткізілді. Олимпиаданың негізгі мақсаты: оқушылар арасында ұлттық ойындарды дәріптеп, өскелең ұрпақты қырағылық пен табандылыққа баулу. Ұйымдастырылыған сайысқа аудан мектептері белсене қатысты. Іріктеу кезеңінен өткен командалар финалға жолдама алып, сайыстың аудандық кезеңінде бақ сынады. Олимпиада барысында қыздар арасында "Бес асық", ұлдар арасында "Бес табан" ойыны ойнатылды. Үздік ойын өрнегін көрсетіп, алғашқы үштікке іліккен командаларға кубок пен арнайы сыйлықтар берілді. Сайыс нәтижесінде қыздар арасындағы "Бес асық" ойыны бойынша №93 мектеп 1-ші орынға, №23 мектеп 2-ші орынға, №68 мектеп үшінші орынға ие болды. Ал №63 және №65 мектептерге аудандық кезеңге қатысқаны үшін мадақтама берілді. Ұлдар арасында өткен "Бес табан" ойыны бойынша №63 мектеп 1-ші орынға, №140 мкетеп 2-ші орынға, №88 мектеп 3-ші орынға ие болды. Ал №68 мектепке аудандық кезеңге өтіп, ойын көрсеткені үшін мадақтама берілді.