19
август
2022
«Дала сазы» ансамблінің домбырашылары концерттік бағдарлама ұсынды
Ағымдағы жылғы тамыз айының 19-ы күні № 3 Оқушылар үйінің «Дала сазы» ансамблінің жетекшісі Жарылкапова Алмаш Ордабекқызы өз шәкірттерімен концерттік бағдарлама ұсынды. «Дала сазы» домбырашылар ансамблі Германия, Испания, Астана, Алматы қалаларында өткен Халықаралық конкурстардың бірнеше дүркін лауреаты атанған. Әлбетте, бұл жыл сайын дарынды балалармен жұмыс жасайтын ансамбль жетекшісінің еңбегінің жемісі. Бүгінгі талантты домбырашылар ұйымдастырған концертте де барлық үйірме мүшелері өз өнерлерін ортаға салды. Концерттік бағдарламаны ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар тамашалады.

