ТӘУЕЛСІЗДІК-АЗАТТЫҒЫМ, БАҚ КҮНІМ!
Бабаларымыз сан мың жыл бойы аңсап, басын бәйгеге тігіп жүріп алған Тәуелсіздігімізге биыл 33 жыл толып отыр. Тәуелсіздік - ата-бабамыздан қалған мұра ғана емес, ұрпақтан-ұрпаққа берілген аманат. Алты алаштың көшбасшысы болған Әлихан Бөкейханов Міржақып Дулатұлы мен Ахмет Байтұрсыновқа түрмеден жолдаған хатында «Алда әлі күнді көретін ұрпақ келеді. Сол ұрпақ сендерді үлкен құрметпен еске алатын болады. Күрес жолына түскендеріңе өкінбеңдер» деп жазған екен. Біз - сол күнді көрген ұрпақпыз. Ал