«Ата Заңым – айбыным!» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды
Бүгін Бостандық ауданы әкімдігі мен №3 Оқушылар үйінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған «Ата Заңым – айбыным!» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Іс-шара Бостандық ауданы, «Mega» ОСО алаңында өткізілді. Мерекелік шараның шымылдығын Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Маржан Ертайқызы Балбаева ханым ашып, өзінің жылы лебізімен жиналған жұршылықты мерекемен құттықтап, аудан бойынша 16 жасқа толған азаматтарға жеке басының куәлігін салтанатты түрде табыстады. Кештің арнайы қонақтары Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Шадаева, қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары Алдаберген Жақсыбаев, Алдияр Ерғали, Ілияс Байбосыновтар әсем ән шырқап, көрерменге мерекелік көңіл-кдомсыйлады.
Тәуелсіздігіміздің теңдессіз тартуы – Ата Заңымызды құрметтеуге арналған іс-шарада №3 Оқушылар үйінен 70-ке жуық оқушы өз өнерлерін көрсетті. Әсем Алматының тұрғындары мен қонақтарына № 3 Оқушылар үйінің өнерпаздары патриоттық және халық әндері, халық билерін тағы басқа да түрлі шығармашылық нөмірлер ұсынды. Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің қыз-жігіттері қазақ, түрік биін билеп сахнаның сәнін келтірді.
Келесі кезекте «Апельсин» би студиясының бишілері жетекшісі Гапчук Алена Александровна, концертмейстері Тультаева Гульнара Умарбековна қазақ биі «Домбыра», «Ақсүйек» және «Кизляр» татар биін билеп көрерменді таңғалдырса, «Сюрприз» хореографиялық ансамблінің жетекшісі Дәрібай Динара Еркінбекқызы, концертмейстері Попова Наталья Алексеевна биші қыздары қазақ биі «Көркем» және итальян биі: «Тарантелла» биін паш етті. Ата Заңымыз – Конституция күніне орай өткізілген мерекелік концерт мәнді, мағыналы, әсерлі өтті.