29
июнь
2022
Шахматтағы қадамдардың бірі - рокировка
Бүгін №3 Оқушылар үйінің «Жас шахматшылар» үйірмесінде жазғы демалысын тиімді өткізуге келген балалар шахматтағы рокировка жайлы білді.
Болашақ шахматшыларға шахматтағы қадамдарды жетекшілері Келгенбаев Сайлаубек Әскербекұлы түсіндіріп берді. Алдымен ойынға жеңіл фигураларды (піл және ат), соңынан ауыр фигураларды (ферзь, ладья) араластыруды және ұзын немесе қысқа рокировкаға дайындауды үйретті.



Шахмат ойыны оқушының ойлау, байқампаздық және зейінділік қабілеттерін дамытады.
Сонымен қатар балалардың логикалық ойлау, алдын – ала болжау, математикаға бейімделу қабілетін арттыра отырып, компьютерге тәуелдіктен арылтуға мүмкіндік туғызады.