Домбырашылар арасында «кдомтартыс» ұйымдастырылды
Бүгін №3 Оқушылар үйінде күйшілік өнерді жаңғыртып жалғастыру мақсатында Несібелді Әлпеннің жетекшілігімен «Домбыра үні» үйірмесінің домбырашылары арасында «Кдомтартыс» ұйымдастырылды. Бұл рухани-мәдени шараға онға жуық домбырашы қатысты.
Кдомтартыс ережесі бойынша, жетекшілері күйшілерді жеке-жеке тыңдап алды. Үйірме жетекшісі жас домбырашылардың орындау шеберлігі, екі қолдың қойылымы, орындаушының сахна бейнесіне қарап бағалайтынын айтты.
Жас домбырашылар ашық аспан астындағы кдомтартысты Жасарал Еңсеповтың «Әке толғауы» күйімен бастап, Дәулеткерейдің «Көроғлы» күйімен жалғады. Соңынан барлығы бір мезетте «Ақсақ киік» күйін күмбірлете орындап берді.
№3 Оқушылар үйінің домбырашылары далада кдомойнау арқылы жеткіншектердің домбыраға деген қызығушылықтарын еселей түсті.
Кішкентайларынан қолдарына домбыра ұстап, ұлттық өнердің ұмытылмауы үшін кдомүйреніп жүрген ұл-қыздарға сәттілік тілейміз.