24
август
2022
Би үйірмесінің қыздары «Қазақ биінің негізгі элементтерін» үйренді
Бүгін №3 Оқушылар үйінің «Күн әлемі» халықтық би ансамблінің жетекшісі Меруерт Әбдісәлімқызы би үйірмесінің қатысушыларына «Қазақ биінің негізгі элементтері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: қазақ биін үйрету арқылы, ұлттық өнерді насихаттау, жас ұрпаққа қазақ биінің қыр-сырын үйрету, сазды әуен мен би ырғағын түсіндіру, эстетикалық талғамының жоғары болуына тәрбиелеу болды.





Би өнері балаларды әдемілікке, төзімділікке, жинақтылыққа тәрбиелейді, өз ұлтымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан би мұрасы арқылы олардың тыныс-тіршілігін танып білуге жетелейді.