Шахматтағы қадамдардың бірі - рокировка » «№3 Оқушылар үйі
Алматы қаласы Білім басқармасының
"«№3 Оқушылар үйі"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 274-38-92
Есепші бөлімі:
+7(727) 274-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Шахматтағы қадамдардың бірі - рокировка
29
июнь
2022

Шахматтағы қадамдардың бірі - рокировка

Бүгін №3 Оқушылар үйінің  «Жас шахматшылар» үйірмесінде жазғы демалысын тиімді өткізуге келген балалар шахматтағы рокировка жайлы білді.  

Болашақ шахматшыларға шахматтағы қадамдарды жетекшілері Келгенбаев Сайлаубек Әскербекұлы түсіндіріп берді.  Алдымен ойынға  жеңіл  фигураларды (піл  және  ат),  соңынан  ауыр  фигураларды  (ферзь, ладья) араластыруды және ұзын немесе қысқа  рокировкаға  дайындауды үйретті. 

       Рокировка – ең қызықты қадам. Бұл екі фигура бірден жасайтын шахмат ережелерінде мүмкін болатын жалғыз қадам. Рокировкада патша мен ладья қатысады, оның мақсаты – патшаны сенімді баспанаға жасыру және оны шайқасқа шығару.          Балаларға   ойынның  негізгі   ережелері  мен  принциптері түсіндірілді. Нақтырақ айтқанда, жетекшілері оқушыларды тез  ойлану, дәл әрі  анық  есептеуге  баулыды.  

Шахмат  ойыны  оқушының  ойлау,  байқампаздық және зейінділік  қабілеттерін  дамытады.

Сонымен  қатар  балалардың  логикалық  ойлау,  алдын – ала  болжау,  математикаға  бейімделу  қабілетін  арттыра отырып, компьютерге  тәуелдіктен  арылтуға   мүмкіндік  туғызады. 


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив