Домбырашылар арасында «күй тартыс» ұйымдастырылды » «№3 Оқушылар үйі
Алматы қаласы Білім басқармасының
"«№3 Оқушылар үйі"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 274-38-92
Есепші бөлімі:
+7(727) 274-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Домбырашылар арасында «күй тартыс» ұйымдастырылды
21
июль
2022

Домбырашылар арасында «күй тартыс» ұйымдастырылды

Бүгін №3 Оқушылар үйінде күйшілік өнерді жаңғыртып жалғастыру мақсатында  Несібелді Әлпеннің жетекшілігімен «Домбыра үні» үйірмесінің домбырашылары арасында «Күй тартыс» ұйымдастырылды.  Бұл рухани-мәдени шараға онға жуық домбырашы қатысты. 

Күй тартыс ережесі бойынша, жетекшілері күйшілерді жеке-жеке тыңдап алды. Үйірме жетекшісі жас домбырашылардың орындау шеберлігі, екі қолдың қойылымы, орындаушының сахна бейнесіне қарап бағалайтынын айтты. 

Жас домбырашылар ашық аспан астындағы күй тартысты Жасарал Еңсеповтың «Әке толғауы» күйімен бастап, Дәулеткерейдің «Көроғлы» күйімен жалғады. Соңынан барлығы бір мезетте  «Ақсақ киік» күйін күмбірлете орындап берді.

№3 Оқушылар үйінің домбырашылары далада күй ойнау арқылы жеткіншектердің домбыраға деген қызығушылықтарын еселей түсті.

Кішкентайларынан қолдарына домбыра ұстап, ұлттық өнердің ұмытылмауы үшін күй үйреніп жүрген ұл-қыздарға сәттілік тілейміз.



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив