10
август
2022
Шеберлік сағаты монотипия әдісімен ұйымдастырылды
Бүгін «Балалар жылы» аясында №3 Оқушылар үйінің жас суретшілері арасында «Таң-Шолпан» бейнелеу өнері студиясының жетекшісі Сәрсебаева Айжан Маратқызының ұйымдастыруымен «Жайдары жаз» тақырыбында монотипия әдісімен шеберлік сағаты өтті. Шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған шеберлік сағатына 20-дан астам бала қатысты.




Қарындашпен немесе бояумен қағазға сурет салу баланың мектептегі оқу процесіне дайындалуға көмектеседі. Дұрыс ұйымдастырылған сурет сабағы баланың интеллектуалдық қабілетін дамытады.

