Би үйірмесінің қыздары   «Қазақ биінің негізгі элементтерін» үйренді » «№3 Оқушылар үйі
Алматы қаласы Білім басқармасының
"«№3 Оқушылар үйі"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 274-38-92
Есепші бөлімі:
+7(727) 274-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Би үйірмесінің қыздары   «Қазақ биінің негізгі элементтерін» үйренді
24
август
2022

Би үйірмесінің қыздары   «Қазақ биінің негізгі элементтерін» үйренді

Бүгін №3 Оқушылар үйінің   «Күн әлемі» халықтық би ансамблінің жетекшісі Меруерт Әбдісәлімқызы би үйірмесінің қатысушыларына «Қазақ биінің негізгі элементтері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: қазақ биін үйрету арқылы, ұлттық өнерді насихаттау, жас ұрпаққа қазақ биінің қыр-сырын үйрету, сазды әуен мен би ырғағын түсіндіру, эстетикалық талғамының жоғары болуына тәрбиелеу болды. 

Іс-шара барысында ансамбль жетекшісі балаларға бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін, ұлттық сахна өнері жайлы мағлұмат берді. 
«Күн әлемі» халықтық би ансамблінің жетекшісі Меруерт Әлімбетова  әр сабақта балаларға арналған би қойылымдарын, оның мазмұны мен бейнелерін ерекше таңдап, би қимылдарын жеңілдетіп, түсінікті болатындай етіп, ойластырып, биге қатысушылармен жүйелі түрде жұмыс жасап келеді. 
Бүгінгі ашық сабақта да үйірмеге келушілерге қазақ биінің жаттығуларымен қоса, әуендік ойындар, бөлек би қимылдары (элементтер), этюдтармен жұмыс жасап, би қойылымдарын үйретіп көрсетті.

Би өнері балаларды әдемілікке, төзімділікке, жинақтылыққа тәрбиелейді, өз ұлтымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан би мұрасы арқылы олардың тыныс-тіршілігін танып білуге жетелейді. 



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив