«Киіз үй» тақырыбына танымдық сабақ өткізілді » «№3 Оқушылар үйі
Алматы қаласы Білім басқармасының
"«№3 Оқушылар үйі"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 274-38-92
Есепші бөлімі:
+7(727) 274-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Киіз үй» тақырыбына танымдық сабақ өткізілді
23
август
2022

«Киіз үй» тақырыбына танымдық сабақ өткізілді

 «Балалар жылы» аясында  №3 Оқушылар үйінің «Қазақ тілі» үйірмесінің жетекшісі Сағынбекова Дидар Баймұратқызының ұйымдастыруымен   үйірмеге келушілерге «Киіз үй» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді. Сабаққа онға жуық бала қатысты. Олар  тақырыпқа қатысты айтылған сөздерді  қайталап,   қазақ тілін қандай деңгейде меңгергендерін көрсете білді. Киіз үй туралы өз ойларын ортаға салып, жаттаған тақпақтарын айтып берді. Сөздік қорды байытуға арналған тапсырмаларды орындап, олардың мағынасын жеткізе алды.

Балалар киіз үйдің шаңырақ, кереге, уықтан тұратынын, жиналмалы, оны қозғалу кезінде бөлшектеуге болатыны туралы түсініктерін жарыса айтты.  Сонымен қоса, олар қазақ тіліне деген қызығушылықтарын танытты. Оқушылар карточкалармен жұмыс жасап, киіз үй бөліктерінің атауларын қазақ тілінде жаттап алды.

Сабақ барысында киіз үйдің макеті көрсетіліп, әр оқушыға үйден өз қиялындағы киіз үйін жасап әкелу тапсырылды. Танымдық сабақта балалардың  киіз үйдің ағаш қаңқасының негізгі бөліктері: кереге – сырғымалы торлы негіз, үкілі күмбезді тіректер, шаңырақ – дөңгелек күмбез, есік – сықырлауық туралы түсініктері қалыптасты. 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив