«Мені таны» танымдық-ботаникалық ойыны қызықты өтті » «№3 Оқушылар үйі
Алматы қаласы Білім басқармасының
"«№3 Оқушылар үйі"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 274-38-92
Есепші бөлімі:
+7(727) 274-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мені таны» танымдық-ботаникалық ойыны қызықты өтті
20
июль
2022

«Мені таны» танымдық-ботаникалық ойыны қызықты өтті

Бүгін № 3 Оқушылар үйіндегі  «Ұсақ моншақтар» «Радуга бисера» үйірмесінің жетекшісі Старожилова Людмила Евгеньевнаның ұйымдастыруымен «Мені таны» танымдық-ботаникалық ойыны өткізілді.  Ұсақ моншақтардан түрлі бұйымдар жасауға 20 шақты бала қатысты. 

Олар ең әуелі үлкен карточкаларда бейнеленген гүлзарларда, саябақтарда, терезенің алдында көретін өсімдіктердің суреттерін көреді.  

Одан кейін қатысушылар өз кезегінде атаулары бар кішкентай карталарды алады. Жылдам әрі дұрыс тапқан ойыншы атауды суретпен біріктіруі керек. 

Бүгінгі сабақта жасалған бұйымдар, өте қызықты өткен сабақ балаларға қуаныш сыйлады. Үйірме жетекшісі балаларды төзімділікке, ұқыптылыққа, әсемдікке баули отырып, эстетикалық талғамын арттыра алды. 

Бисермен тоқу балалардағы ұсақ моториканың дамуына ықпал етеді, ал жасөспірімдерде – табандылық қалыптасады. Өйткені ең кішкентай гүлді тоқуға уақыт керек. Сонымен қоса оқуда да үлкен нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив