«Summer holidays are the key to effective study» саяхат сабағы өткізілді » «№3 Оқушылар үйі
Алматы қаласы Білім басқармасының
"«№3 Оқушылар үйі"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 274-38-92
Есепші бөлімі:
+7(727) 274-10-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Summer holidays are the key to effective study» саяхат сабағы өткізілді
04
август
2022

«Summer holidays are the key to effective study» саяхат сабағы өткізілді

Бүгін №3 Оқушылар үйінде үйірмеге қатысушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру, тілді жетік меңгеру аясында ағылшын тілі үйірмесінің жетекшісі Әбдікерімова Гүлнұр Жұмабайқызының ұйымдастыруымен «Summer holidays are the key to effective study» «Жазғы демалыс – нәтижелі оқытудың кепілі» тақырыбында  саяхат сабақ өткізілді.  Оқушылардың ағылшын тілін меңгергендерін бақылау, олардың қабілеті мен тілін дамытуды мақсат еткен сабаққа 15 шақты бала қатысты.

Саяхат сабақта оқушылар жеке, топтық, жұптық тапсырмалар орындады. Сабақ барысында әр түрлі көрнекіліктер, суреттер, слайдтар, көрсетіліп, оқушылар  тақтамен, оқулықпен  жұмыс жасады. Бейнероликтен ағылшынша әндер, тақпақтар, жұмбақтар тыңдап, оны қайталап, жаттап, тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, белсенділік танытты. 

«Әлем тану мектебі: Тіл – достықтың тірегі» ағылшын тілі үйірмесінің оқушылары жаз мезгілін қалай өткізгендігі туралы бір-біріне сұрақ қойып, диалог құрастырып, ағылшын тілінде еркін сөйлей алатындықтарын көрсете білді. 

Сабақ соңында балалар жетекшімен кері байланыс жасап, бүгінгі сабақтан ерекше әсер алғандарын, ағылшын тілі пәні балалардың ең сүйікті пәндерінің бірі екенін жеткізді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив